Мектеп оқушыларына кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізілді

 

9 маусым күні Ұлттық тестілеу орталығының Алматы қаласындағы бөлімшесі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің интернет орталығында Ұлттық бірыңғай тестілеу өтті. Ұлттық бірыңғай тестілеуге Алматы қаласындағы жалпы орта мектептерінің оқушылары келіп қатысты. Осы тестілеу барысында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы Орынбеков Нұрлан Аманғазыұлы Алматы қаласы №163 мектеп-лицей оқушыларына «Дінтану», «Исламтану», мамандықтары жайлы ақпарат беріп, талапкерлерге мамандық таңдауға көмектесті.

Басылым күні :  09.06.2022