Мектеп оқушылары ҚазҰУ оқытушыларынан мамандық таңдау бойынша кеңес алды
6 маусым күні Ұлттық тестілеу орталығының Алматы қаласындағы бөлімшесі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің интернет орталығында Ұлттық бірыңғай тестілеу өтті. Ұлттық бірыңғай тестілеуге Алматы қаласындағы жалпы орта мектептерінің оқушылары келіп қатысты.
Осы тестілеу барысында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары Орынбеков Нұрлан Аманғазыұлы және Құдайбергенов Серғазы Ережепұлы Алматы қаласы І.Жансүгіров атындағы №130 гимназия оқушыларына «Дінтану», «Исламтану», «Мәдениеттану» мамандықтары жайлы ақпарат беріп, талапкерлерге мамандық таңдауға көмектесті

Басылым күні : 07.06.2022






