Ұлттық бірыңғай тестілеуде кафедра оқытушылары мамандықты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді
30 мамыр күні Ұлттық тестілеу орталығының Алматы қаласындағы бөлімшесі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің интернет орталығында Ұлттық бірыңғай тестілеу өтті. Ұлттық бірыңғай тестілеуге Алматы қаласындағы жалпы орта мектептерінің оқушылары келіп қатысты.

Осы тестілеу барысында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары Орынбеков Нұрлан Аманғазыұлы және Құдайбергенов Серғазы Ережепұлы Алматы қаласы №44 мектеп-гимназия оқушыларына «Дінтану», «Исламтану», «Мәдениеттану» мамандықтары жайлы ақпарат беріп, талапкерлерге мамандық таңдауға көмектесті

Басылым күні : 03.06.2022






