«Қылмыстық әрекеттерге жол жоқ» атты ашық тәрбиелік кураторлық сағат
Жыл сайын 22 ақпанда бірқатар елдерде қылмыстық әрекеттерден зардап шеккен адамдардың мәселеріне назар аударуға арналған қылмыс құрбандарын қолдау күні атап өтіледі. Осы атаулы күнге орай 17 ақпан күні Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы Құдайбергенов Серғазының ұйымдастыруымен мәдениеттану 2-курс студенттерінің қатысуымен «Қылмыстық әрекеттерге жол жоқ» атты ашық тәрбиелік кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағатта елімізде орналасқан адамдарға стрессті жеңуге, дағдарыстан шығуға көмектесетін, материалдық көмек пен моральдық қолдау көрсететін орталықтар жайында айтылды.
Басылым күні : 21.05.2022






