Мәдениеттану мамандығы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы республикалық конкурсының II кезеңі бойынша комиссия отырысы
29-сәуір күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Мәдениеттану» секциясы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы республикалық конкурсының II кезеңі өтті. Конкурсқа, төрайымы-Медеуова К.А., комиссия мүшелері: Адаева Г.А., Толгамбаева Д.Т., Ермагамбетова К.С., хатшысы Рамазанова А.Ч. қатысты.
Мәдениеттану секциясы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы республикалық конкурсының II кезеңіне барлығы 7 жұмыс келіп түскен. Комиссия мүшелерінің шешімі бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасы мәдениеттану мамандығының 3-курс студенті Алмаханова Назерке Айдарқызы «Қазақстанның қазіргі мәдениетіндегі метамодернизм феноменінің көрінісі» атты ғылыми-зерттеу жұмысымен 2-орынға ие болды.Ғылыми жетекшісі, мәдениеттану магистрі, аға оқытушы Есболова М.Ә.






