Кафедра оқытушылары кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді

19 мамыр күні кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары Орынбеков Нұрлан Аманғазыұлы және Құдайбергенов Серғазы Ережепұлы №201 мектеп-гимназияда болды.

Университет оқытушылары мектеп түлектеріне кафедра мамандықтары жайлы айтып, жоғары оқу орнына түсу ережелерімен таныстырды. Өз кезегінде мектеп оқушылары мамандыққа қатысты өз сұрақтарын қойып, толық ақпарат алды.

Басылым күні :  19.05.2022