ҚазҰУ студенттері қалалық «Музейаралық квест» ойынына қатысты

18-мамыр күні халықаралық музейлер күніне орай Алматы қаласы музейлер бірлестігі Алматы музейінің ұйымдастыруымен «Музей түні» акциясы аясында «Музейаралық квест» ойыны өтті. Квест қаланың келесі музейлері: ҚР Орталық мемлекеттік музейі, Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі. Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптары музейі, Д.А. Қонаев музейі және Алматы музейі арасында өтті.

Аталған іс-шараға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары Есболова Мөлдір Әуелтайқызы және Құдайбергенов Серғазы Ережепұлының жетекшілігімен мәдениеттану мамандығының 3-курс студенттерінен құралған «Эрмитаж» командасы қатысты.

Квест шарты бойынша қатысушылар әр музейден орындалуы тиіс тапсырмалары бар жолсілтемелерді ала отырып, берілген маршрут бойынша соңында Алматы музейіне барып тапсырмаларды бірінші болып аяқтаған топ жеңіске жетеді. Барлық тапсырмаларды үздік орындап, алғашқы болып келгені үшін «Эрмитаж» командасы жеңіске жетті.

Басылым күні :  19.05.2022