Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары профориентациялық жұмыс жүргізді

10 мамыр күні кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары Орынбеков Нұрлан Аманғазыұлы және Құдайбергенов Серғазы Ережепұлы №181 жалпы білім беретін мектепте болды.

Университет оқытушылары мектеп түлектеріне кафедра мамандықтары жайлы айтып, жоғары оқу орнына түсу ережелерімен таныстырды. Өз кезегінде мектеп оқушылары мамандыққа қатысты өз сұрақтарын қойып, толық ақпарат алды.

Басылым күні :  19.05.2022