«Ұлттар достығы-бірлік бастауы» атты сайысы өтті
4-мамыр күні философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары Каупенбаева С.М., Есболова М.А., Құдайбергенов С.Е. және мәдениеттану мамандығының 1,2,3-курс студенттерінің ұйымдастыруымен өткен «1-мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесіне орай «Ұлттар достығы-бірлік бастауы» атты факультет деңгейінде іс-шара өткізді. Іс-шара барысында әр кафедрадан іріктеліп алынған студенттер еліміздегі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрлерін таныстырумен қатар, өз өнерлерін көрсетті. Білім алушылар ішінен үздіктері марапатқа ие болды.

Басылым күні : 18.05.2022






