Мемлекеттік рәміздер-біздің мақтанышымыз
24 қаңтар күні онлайн форматта философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы Серғазы Құдайбергеновтың ұйымдастыруымен «Мемлекеттік рәміздер-біздің мақтанышымыз» атты тәрбиелік кураторлық сағаты өтті.
Себебі 1996 жылы дәл осы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" заң күші бар жарлығы шыққан болатын. Студенттерге мемлекеттік рәміздердің мән-маңызы түсіндірілді.

Басылым күні : 28.04.2022






