Қорытынды емтиханды өткізудің форматы мен ережесі
23-желтоқсан күні халықаралық қатынастар факультеті 121 аудиторияда философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы Серғазы Құдайбергеновтың ұйымдастыруымен мәдениеттану мамандығының 2-курс студенттерінің қатысуымен «Қорытынды емтиханның ережесі мен тәртібі» атты кураторлық сағат өткізілді. Іс-шара барысында студенттерге емтихан ережелері мен өткізілу тәртіптері туралы мағлұмат берілді.
Басылым күні : 28.04.2022






