Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары профориентациялық жұмыс жүргізді

26 cәуір күні кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары Орынбеков Нұрлан Аманғазыұлы және Құдайбергенов Серғазы Ережепұлы М.Базарбаев атындағы №138 гимназиясында болды.

Университет оқытушылары мектеп түлектеріне кафедра мамандықтары жайлы айтып, жоғары оқу орнына түсу ережелерімен таныстырды. Өз кезегінде мектеп оқушылары мамандыққа қатысты өз сұрақтарын қойып, толық ақпарат алды.

Басылым күні :  26.04.2022