«Қытай киносы және Қытай циркі» тақырыбында ашық сабақ
25 наурыз күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры Исмағамбетова Зухра Нұрланқызы және мәдениеттану мамандығының 1 курс докторанты Тасболатұлы Әлімжанның ұйымдастыруымен «Қытай киносы және Қытай циркі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Ашық сабак барысында Қытайдың кино мәдениеті мен кино мәселесін және Қытай саясатының киноға тигізген әсерін талданды. Қытай циркінің қазіргі таңдағы әлем нарығында алар орны мен Қытай цирк мектебінің қыр-сырлары айқындалды.
Іс-шараға дінтану мамандығының магистранттары қатысты.

Басылым күні : 24.04.2022






