Кураторлық сағат
12-cәуір күні философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға - оқытушысы Молдир Есболованың ұйымдастыруымен мәдениеттану мамандығының 3-курс студенттерінің қатысуымен оффлайн форматта Кеңес Одағының екі мәрте батыры, Қазақстан авиациясының генерал-майоры Талғат Бигелдиновтің 100 жыл толуына орай тәрбиелік сағат өткізілді. Іс-шара барысында ұлы тұлғаның өміржолы мен істері талқыланды.
Басылым күні : 23.04.2022






