Мектеп оқушыларымен профориентациялық жұмыс

 

18 сәуірде «Depo Evolution Park» лофт-орталығы базасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану және мәдениеттану кафедрасының апталығы аясында Алмалы ауданы мектептерінің оқушыларымен кездесу өтті

Кафедра меңгерушісі Айнұр Дүрбелеңқызы Құрманалиева кіріспе сөз сөйлеп, балаларға орта мектепті сәтті аяқтап, жоғары оқу орнына түсуге тілек білдірді.

Жоғары сынып оқушылары философия және саясаттану факультетінде жүзеге асырылатын дайындық бағыттары туралы ақпаратқа назар аударды.

Оқушыларға барлық бағыттар бойынша оқыту түрлері мен ұзақтығы, қабылдау науқанының ерекшеліктері: оқуға түсу үшін қандай құжаттар қажет; мамандыққа қабылдау шарттары туралы айтылды.

18-24 сәуір аралығында кафедра апталығы аясында кәсіби бағдар беру іс-шаралары жоспарланған. Іс – шаралардың мақсаты-білім беру бейінін және болашақ кәсіби қызмет саласын таңдау процесінде оқушыларға кәсіби бағдарлы қолдау көрсету. Сондай-ақ жоғары сынып оқушыларының еңбекке саналы көзқарасын дамыту, олардың мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сәйкес және қазіргі еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, қызмет саласын таңдау еркіндігі жағдайында кәсіби өзін-өзі анықтау.

Басылым күні :  18.04.2022