"Дін психологиясындағы гуманистік дәстүр» атты тақырыбында ашық сабақ

2022 жылдың  28 наурызында сабақ кестесі  бойынша  «Дінтану» мамандығының 1 курс студенттеріне  Дінтану және мәдениеттану кафедрасы, Дінтану мамандығының 1 курс PhD докторанты М. А. Алпысбай педагогикалық практика бағдарламасы бойынша  «Дін психологиясындағы гуманистік дәстүр (Э. Фромм, А. Маслоу, В. Франкл)» атты тақырыбында ашық сабақ  өткізді. Ғылыми жетекшісі, дінтану және мәдениеттану кафедрасының доцент м.а.,  Ph.D.  Утебаева Динара Сахибовна  дәріске қатыса  отырып, докторанттың дәрісті оқыуын, дәрістің  мақсаты мен  міндеттерін түсіндіруін, сонымен  қатар аудиторияны   толығымен қадағалап отырды.  Дәріс барысында докторант экзистенциалды психолгияның көрнекті өкілдерінің зерттеген зерттеулеріне аса назар аударды. Әрқайсысының еңбектеріңде кездесетін еркіндік, ерік-қалау мәселелерін салыстыра отырып талдап шықты. 

Басылым күні :  08.04.2022