ҚазҰУ студенттері Наурыз мерекесіне арналған концертке қатысты
2022 жылдың 21 наурызында «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің магистранттары мен ХАТУ (МУИТ) университетінің бакалавриат студенттерімен бірлесе отырып LIBERTY жастар-волонтерлік лигасының құрамына кіріп, Наурыз мейрамын тойлауға арналған концертіне қатысты. Концертке ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Концертке еліміздің белді әншілері мен әртістері өз өнерлерін көрсетті.

Басылым күні : 08.04.2022






