Ұлттық құндылықтарды дәріптеу
19 ақпан күні Философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының магистранты Копбаева Рабиға Зунинқызы кафедра доценті м.а. Мұқан Нұрзаттың ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық музейіне дінтану мамандығының 2-курс студенттері барып қайтты. Іс шара мақсаты- ұлттық құндылықты дәріптеу. Музейде экскурсия жүргізуші қызметкері студенттерге көнеден ата-бабаларымыздың қолданған заттарымен таныстырып, әр қойылған көрменің сонау заманнан қазақ халқының классикалық және әсемдікті сүйген қаншама батырлар шыққан рухани қазынасы терең және бай халық екенін көрсете білді. Онда қойылған қазақ хандарына тиесілі киім және қолданыста болған заттары, әскер басшысының киімдері жане тағы басқа құнды дүниелерді көру мүмкіндігі болды. Тарихымызға шолу арқылы, қолданыста болған құнды заттарды көре отырып, зергерлік жане қолөнер жоғары дәрежеде дамыған, ел болғандығын байқады. Студенттер керемет сезімде болып қайтты.







