Ұлттық мұраны дәріптеу- адами құндылықты дамыту
2022 жылдың 19 ақпан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универститінің, Философия және саясаттану факультетінің, дінтану және мәдениеттану кафедрасының 3 курс дінтану мамандығының студенттерімен бірге «Ұлттық мұраны дәріптеу- адами құндылықты дамыту» атты тақырыбы аясында ұлттық мұражайда іс-шара ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға 3 курс дінтанушылар толығымен қатысып, ұлтымыздың тарихи құндылықтарына деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. Іс-шара барысында, студенттермен ұлттық құндылықтардың маңыздылығы талқыланып, талқылау ұйымдастырылды. Іс- шараның мақсаты-студенттердің тарихымызға деген қызығушылығын арттыру. Дәрістерде өткен салт-дәстүрге байланысты мәселелерді сол жерде көзбен көре отырып талқыға салынды. Студенттер қызу пікірталасқа қатысып, өз ойларымен бөлісті. Іс-шара өте қызықты өтті.







