Кураторлық сағат

14-қазан күні философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға - оқытушысы Молдир Есболованың ұйымдастыруымен мәдениеттану мамандығының 3-курс студенттерінің қатысуымен онлайн форматта алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы, педагог, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы арналған «Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам»  атты тәрбиелік сағат өтті. Іс-шара барысында бүкіл адамзат баласы бас иер асыл тұлға ұстаздардың ерен еңбегін, мол қадірін, тарихтағы баға жетпес орнын паш етуге, жас ұрпақты ұстазды құрметтеуге, адамгершілікке, сыйлап түсіне білуге үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырын түсіндіру, ұстаз еңбегін әрқашанда бағалай білу жайлы айтылды.

Басылым күні :  13.01.2022