Кураторлық сағат
15-қараша күні философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға - оқытушысы Молдир Есболованың ұйымдастыруымен мәдениеттану мамандығының 3-курс студенттерінің қатысуымен онлайн форматта ҚР ұлттық валюта күніне орай «төл теңге тәуелсіздігіміздің нышаны» атты танымдық - тәрбиелік сағаты өтті. Іс-шара барысында Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, сөздердің мағынасын, қолдану аясын жете түсінуімен байланысты студенттердің мүмкіндігін дамыту жайлы айтылды.

Басылым күні : 13.01.2022






