Кураторлық сағат
15-желтоқсан күні философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға - оқытушысы Молдир Есболованың ұйымдастыруымен мәдениеттану мамандығының 3-курс студенттерінің қатысуымен онлайн форматта «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған тәрбиелік сағат өтті. Іс-шара барысында Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, студенттермен желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін талқылап, туған өлкемізге деген сүйіспеншілігі мен сезімдері туралы сөз қозғалды.

Басылым күні : 13.01.2022






