Кураторлық сағат

22-қыркүйек күні философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға - оқытушысы Молдир Есболованың ұйымдастыруымен мәдениеттану мамандығының 3-курс студенттерінің қатысуымен онлайн форматта Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер күніне орай "Мемлекеттік тіл Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл" атты танымдық сағат өтті. Іс-шара барысында тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету жайлы сөз қозғалды.

Басылым күні :  13.01.2022