Кураторлық сағат
30-қараша күні философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға - оқытушысы Молдир Есболованың ұйымдастыруымен мәдениеттану мамандығының 3-курс студенттерінің қатысуымен онлайн форматта «Елбасы –ел тірегі» атты ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған тәрбиелік сағат өтті. Іс-шара барысында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолымен, туып өскен жерімен, оқып білім алған орнымен, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат берілді. Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелей отыра студенттердің бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру жайлы мәселе қозғалды.

Басылым күні : 13.01.2022






