Рухани келісімнің қазақстандық қоғамдағы маңыздылығы

2021 ж. 18 қазан күні Қазақстан бойынша рухани келісім күні аталып өтеді. Бұл мереке қала тұрғындарын ұлты мен дiнiне қарамастан бiрiктiруге, қоғамдағы тұрақтылық мен келісімдi сақтауға және одан әрі дамытуға бағытталған мереке болып саналады. Осы ұлы мереке аясында философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының дінтану мамандығының 3 курс студенттері Вознесенский собордың өкілі, диакон В. Быструшкинмен Рухани келісімнің қазақстандық қоғамдағы маңыздылығы атты тақырыпта ZOOM платформасында кездесу өткізді. Кездесу барысында рухани келісім саласындағы өзара байланыс, толеранттылық пен тұрақтылық мәселесі, рухани келісімділікті сақтау туралы ойлар айтылды.

Ұйымдастырушы: 3 курс дінтану мамандығының куратор-эдвайзері Қаңтарбаева Ж.У.

 

Басылым күні :  27.11.2021