Болашақ-мол мүмкіндіктер әлемі
9-қараша күні №9 жатақханада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы, куратор-эдвайзер Серғазы Құдайбергеновтың ұйымдастыруымен «Болашақ-мол мүмкіндіктер әлемі» атты кездесу өтті. Кездесу қонағы: Халықаралық қатынастар бойынша сарапшы, PhD докторант, Болашақ бағдарламасы түлегі (Австралия), Сәбит Жүсіпов атындағы шәкіртақы иегері Нышанбаев Нұрболат Қайратұлы
Кездесу барысында Болашақ бағдарламасының ережелері мен түсу талаптары талқыланды.
Жатақхана студенттері белсенді түрде қатысып, өз сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Басылым күні : 24.11.2021






