Кураторлық сағат

15-қыркүйек күні философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы Серғазы Құдайбергеновтың ұйымдастыруымен мәдениеттану мамандығының 2-курс студенттерінің қатысуымен онлайн форматта ұлттық-қоғамдық саяси «Ақиқат» журналының 100 жылдығына орай «Ақиқат журналына -100 жыл» атты танымдық-кураторлық сағат өтті. Іс-шара барысында заман талабына сай өзгеретін әлеуметтік-саяси жағдайларға бейімделіп, жаңа міндеттерді жүзеге асыруда өз үлесін қосқан басылым бетінде қоғам дамуының теориялық үрдістерімен қатар, жалпы адамзаттық құндылықтар, қазақ мәдениетіне мен әдебиеті туралы материалдар да жарияланып, журнал қазақ қоғамының шын мәніндегі айнасы бола білгені айтылды.

 

Басылым күні :  20.11.2021