Дәстүрлі форматта оқытудың ережесі мен тәртібі
16-қыркүйек күні философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы Серғазы Құдайбергеновтың ұйымдастыруымен мәдениеттану мамандығының 2-курс студенттерінің қатысуымен халықаралық қатынастар факультетінің оқу ғимаратында «Дәстүрлі форматта оқытудың ережесі мен тәртібі» атты кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағатта жоғары оқу орындарының оқу ғимаратына кіру «Ashyq» қосымшасы арқылы екені, дене қызуы көрсеткішін өлшеу үшін термометрлер орнатылғанын, жылжымалы сабақ кестесін жасап, «бір аудитория – бір топ» қағидасы сақтала отырып, әр курс студенттері үшін сабақ кестесі әр түрлі уақытта басталатыны айтылды. Сондай-ақ, сабақтар арасында аудиторияларды желдету және санитарлық өңдеу үшін үзілістер қарастырылғаны атап өтілді.







