Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
14-қазан күні философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы Серғазы Құдайбергеновтың ұйымдастыруымен мәдениеттану мамандығының 2-курс студенттерінің қатысуымен онлайн форматта қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы» атты танымдық-тәрбиелік сағат өтті. Тәрбиелік сағаттың мақсаты - қазақтың көрнекті ағартушысы, өз заманының ақыл - ойшысы, тарихи тұлғаның қазақ халқының мәдени-экономикалық дамуына, қазақтың ұлт болып бірігуін көксеген ұлт жанашыры болғаны айтылды.

Басылым күні : 20.11.2021






