«100 кітап» жобасы аясында «Жастар және білім эмиграциясы» атты Халықаралық деңгейдегі жастар арасында дөңгелек үстел өтті.

2021 жылдың 06 мамыр күні сағат 09.00–де «100 кітап» бағдарламасы аясында «Философия және саясаттану» факультеті, «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасы, «Мәдениеттану» мамандығының 1 курс магистранттары және аға оқытушы Шаңбаева Арайлым Нұрдығұлқызының ұйымдастыруымен «Жастар және білім эмиграциясы» атты Халықаралық деңгейдегі жастар арасында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында білім беру сапасы, “Болашақ” бағдарламасы, шетелге қалай оқуға түсуге болатындығыжан жақтықарастырылды. «Мәдениеттану» мамандығының2-3 курс студенттері де осы орайда өз ойлары мен идеяларын ортаға салды. Осындай ғылыми, әрі достық нотада қызықты бас қосу өтті.

Ұйымдастыру ұжымы: «Философия және саясаттану» факультеті, «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасы, «Мәдениеттану» мамандығының 1 курс магистранттары және аға оқытушы Шаңбаева Арайлым Нұрдығұлқызы

Басылым күні :  13.05.2021