«Тәні саудың жаны сау» жобасы аясында «Коронавирус (COVID-19) пандемиясының адамдардың психологиялық денсаулығына әсері» атты Республикалық деңгейдегі тәрбие сағаты өтті.
«Культ здорового тела» жобасы аясында «Философия және саясаттану» факультеті, «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасы, «Мәдениеттану» мамандығының 2 курс студенттері және аға оқытушы Шаңбаева Арайлым Нұрдығұлқызының ұйымдастыруымен «Коронавирус (COVID-19) пандемиясының адамдардың психологиялық денсаулығына әсері» атты Республикалық деңгейдегі тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты барысында қазіргі уақыттағы ең маңызды тақырыптардың бірі пандемияның адам психологиялық денсаулығына әсері туралы мәселелер қозғалды. “Мәдениеттану”, “Әлеуметтік жұмыс”, “Туризм”, “Педагогика және психология” мамандығының студенттері осы орайда өз ойлары мен пікірлерін ортаға салды.
Ұйымдастыру ұжымы: «Философия және саясаттану» факультеті, «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасы, «Мәдениеттану» мамандығының 2 курс студенттері және аға оқытушы Шаңбаева Арайлым Нұрдығұлқызы







