«Green Campus» жобасы аясында «Табиғатты қорғау – болашақты ойлау!» атты Республикалық деңгейдегі жастар арасында дөңгелек үстел өтті.

2021 жылдың 5 мамыр күні сағат 14:00–де «Green Campus» жобасы аясында «География және табиғатты пайдалану» факультеті, «Жерге орналастыру және кадастр» кафедрасы, «Кадастр» мамандығының 1 курс студенттері және аға оқытушы Шаңбаева Арайлым Нұрдығұлқызының ұйымдастыруымен «Табиғатты қорғау – болашақты ойлау!» атты Республикалық деңгейдегі жастар арасында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында жан жақты Қазақстандағы экологиялық мәселелер қарастырылды. Студенттер осы орайда өз ойлары мен идеяларын ортаға салды. 

     Басқа университеттерден де жастар қатысып, ойларымен бөлісіп, қызу пікірталас болды. Экологиялық мәселелерді шешу жолдары мен көгалдандырудың маңызы жете түсіндірілді. Соңынан «кахут» ойыны болып, жастар алған ақпараттарын кішігірім тест жүзінде сынады.

 Ұйымдастыру ұжымы: «География және табиғатты пайдалану» факультеті, «Жрге орналастыру және кадастр» кафедрасы, «Кадастр» мамандығының 1 курс студенттері және аға оқытушы Шаңбаева Арайлым Нұрдығұлқызы

Басылым күні :  13.05.2021