Педагогикалық практика барысында «Дінтану» мамандығының 1 курс студенттерімен «Қазіргі Қазақстандағы христиандық» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Педагогикалық практика барысында 2021 жылдың 19 сәуір күні «Дінтану» мамандығының 1 курс студенттерімен «Қазіргі Қазақстандағы христиандық» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Ашық сабақ барысында христиандық сенім негіздеріне кіріспе шолу жасалып, христиан дінінің Орта Азия жеріне таралу тарихы және таралуына себеп болған негізгі оқиғалар талқыланды.
Ашық сабақ қазіргі кездегі христиандық шіркеулердің өмір үрдісі туралы ақпараттармен қорытындыланды.
Ұйымдастырушылар:Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор Мұқан Нұрзат, «Конфликтологиядағы діни бірегейлік» мамандығының 1-курс магистранты Дүйсенбі Динара Темірбайқызы.

Басылым күні : 02.05.2021






