ZOOM платформасында «Дін және әлеуметтік стратификация» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
2021 жылдың 26 сәуір күні Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Ж.У. Кантарбаева және «Конфликтологиядағы діни бірегейлік» мамандығының 1 курс магистранты С.С.Қойшыбаеваның ұйымдастыруымен педагогикалық практика аясында «Дінтану» мамандығының 2 курс студенттерімен ZOOM платформасында «Дін және әлеуметтік стратификация» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Ашық сабақ барысында әлеуметтік стратификация мен әлеуметтік мобильділік құбылыстарына кіріспе шолу жасалып, қоғамдағы касталық және таптық жүйелер туралы анализ жүргізілді.
Ашық сабақ діннің әлеуметтік стратификацияға ықпалы туралы ақпараттармен, сонымен қоса, студенттерге сұрақтар қою арқылы тақырыптың маңыздылығын ашатын ой-тұжырымдамалармен қорытындыланды.
Ұйымдастырушылар:Дінтану және мәдениеттану кафедрасының филос.ғ.к., аға оқытушы Кантарбаева Ж.У., және«Конфликтологиядағы діни бірегейлік» мамандығының 1-курс магистранты Қойшыбаева С.С.







