«Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында «Жаһандану мән-мәтініндегі Қазақстан мәдениеті» атты Халықаралық деңгейдегі дөңгелек үстел өтті.

2021 жылдың 24 сәуір күні сағат 13:50–де «Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында «География және Табиғатты пайдалану» факультетінің «Ғылыми География» және «Экология» мамандықтарының 1 курс студенттері және «Философия және саясаттану» факультеті, «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының аға оқытушысы Шаңбаева Арайлым Нұрдығұлқызының ұйымдастыруымен «Жаһандану мән-мәтініндегі Қазақстан мәдениеті» атты Халықаралық деңгейдегі дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында студенттер мен қонақтар Жаһандану үрдісіндегі Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктерін, мәденитеттің әр саласындағы жетістіктерін жан-жақты қарастырды. Дөңгелек үстел қонақтары Түркия Республикасы, Afyon Kocatepe университетінің студенті - Аманбай Еркебұланосы орайда өз ойларын ортаға салды. АлРесей Федерациясы, Саха Республикасы, Якутия мемлекеті Сібір Федералды Университеті студенті- Михайлова Камила Қазақ елінің мәдениеті жайлы арнайы сұрақтарын қойып, өз елінің мәдениетімен таныстырды. Қонақтар мен студенттер арасында тығыз достық байланыс орнап,үлкен тәжірибе алмасу болды.

Ұйымдастыру ұжымы: «География және Табиғатты пайдалану» факультетінің «Ғылыми География» және «Экология» мамандықтарының 1 курс студенттері және «Философия және саясаттану» факультеті, «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының аға оқытушысы Шаңбаева Арайлым Нұрдығұлқызы.

 

 

Басылым күні :  02.05.2021