Стоп-Короновирус онлайн-байқауы

Ғылым қоры Стоп-Короновирус атты онлайн-байқау өткізді. Конкурсқа қатысуға 141 өтінім беріліп, 39-ы екінші кезеңге іріктеліп алынды, конкурс онлайн режимінде өтті. Авторлар әділ-қазылар алқасының сұрақтарына жауап берді. Тікелей эфир Facebook-те BILIM PLUS білім беру алаңында жүргізілді. Онлайн форматта бағалау процесінің барынша ашықтығы қамтамасыз етілді және барлық қатысушылар қолдады.

Қазылар алқасының бағалауы және «халықтық» дауыс беру нәтижелері бойынша Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының оқытушыларының 2 жобасы «COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын болдырмау үшін дезинфекциялық тазарту құралдарын өндіру», Михаил Касымұлы Наурызбаев және «Жаппай қолдануға арналған биоұздылықтан және биологиялық бұзылатын материалдардан жасалған қолдар үшін жеке қорғаныс құралдарын жасау және қолдану», Тәжібаева Сағадат Медербековна жеңімпаздар қатарына кірді.

Байқау нәтижелері бойынша «Ғылым қоры» АҚ мүдделі тараптармен бірге келіп түскен ұсыныстарды әрі қарай ілгерілету және іске асыру үшін жұмыс істейді (https://www.facebook.com/sciencefund.kz/)

Басылым күні :  03.06.2020