Марапаттаулар мен кафедра жетiстiктері

PhD Кішібаев Қ.Қ. «ҚазҰУ үздік жас ғалымы – 2023» байқауының жеңімпазы атанды. Құттықтаймыз!
Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін кафедра профессоры, химия ғылымдарының докторы Қамысбаев Дүйсек Хайсагалиевич «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды
Кафедраның доценттері х.ғ.к. Кудреева Лейла Кадирсизовна және х.ғ.к Оспанова Жанар Бейсембаевна «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2022» атағына ие болды. Құттықтаймыз!

Кафедраның профессорлары Курбатов Андрей Петрович пен Кенесов Болат Нұрланович Көрнекті ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендияның иегерлері атанды. Құттықтаймыз!
Кафедраның жас ғалымдары Атчабарова Ажар Айдарқызы мен Кішібаев Қанағат Қажмұханұлы жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендияның иегерлері атанды. Құттықтаймыз!
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2023 жылғы 7 ақпандағы «Ғылыми атақ беру туралы» № 57 бұйрығымен Есимова Орынқұл Арықбековнаға 05.17.00 – Химиялық технология мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2022 жылғы 24 қарашадағы «Ғылыми атақ беру туралы» № 98 бұйрығымен Керимкулова Мөлдір Жадраевнаға 05.17.00 – Химиялық технология мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді.
  Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2022 жылғы 24 қарашадағы «Ғылыми атақ беру туралы» № 94 бұйрығымен Абилев Мади Балтабаевичке 05.16.00 – Металлургия мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2022 жылғы 24 қарашадағы «Ғылыми атақ беру туралы» №95 бұйрығымен кафедра оқытушыларына:

1. Байматова Насиба Хикматуллаевнаға;

2. Мальчик Федор Игорьевичке

02.00.00 – Химия мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді.
Кафедра профессоры, х.ғ.к. Кенесов Болат Нұрланұлы Қазақстан Республикасының ғылым саласындағы жетістіктері үшін «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды.
Кафедраның доценттері х.ғ.к., қауымдастырылған профессор Аргимбаева Ақмарал Мұхамбетовна, х.ғ.к., қауымдастырылған профессор Алимжанова Мереке Бауыржановна, х.ғ.к., қауымдастырылған профессор Адильбекова Ақбота Оразбакеевна, PhD, қауымдастырылған профессор Байматова Насиба Хикматуллаевна «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» атағының иегерлері  атанды. Құттықтаймыз!
Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін кафедра профессоры, техника ғылымдарының докторы Наурызбаев Михаил Қасымұлы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды
Кафедра қызметкері Акимжанова Жанар Рымбайқызы Әл-Фараби атындагы Қазақ ұлттық университеті қызметкерлерінің арасында «ЕҢ ҮЗДІК МАМАН – 2022» байқауының жеңімпазы атанды. Университеттің және кәсіподақтың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін Акимжанова Ж.Р. «Алғыс хатпен» марапатталды. Жанар Рымбайқызы ҚазҰУ-дың 2004 жылғы магистр түлегі, 2016 жылдан бастап кафедраның жоғары білікті маманы және материалдық жауапты тұлға қызметін атқаруда. «Химия» мамандығы бойынша «Тұрмыстық химия тауарларының химиясы», «Беттік активті заттардың физико-химиясы» пәндері, «Тағам химиясы» мамандығы бойынша «Ферменттік технологиялар» пәні және барлық мамандықтар оқитын жалпы коллоидтық химия пәндері бойынша оқу – зерттеу практикумдарын жүргізіп келеді.

Кафедра доценті Керимкулова Мөлдір Жадраевна Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

т.ғ.к. Бағашарова Жеңісгүл Телманқызы Қазақстан Республикасының тау-кен өнеркәсібі мен шахта құрылысын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін және білікті кадрларды даярлауға белсенді қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетінің ІІІ санатты «Кенші даңқы» төсбелгісімен марапатталды

 

«ЖОО ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ – 2020» байқауының жеңімпаздары ҚР Білім және Ғылым министрі Аймағамбетов Асхатпен марапатталды

Еліміздің 46 жоғары оқу орнынан 150 адам «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болды. Олардың әрқайсысы 5 834 000 теңге (2000 АЕК) көлемінде грант жеңіп алды. Үміткерлерді іріктеу және құжаттарды тексеру рәсімі алғаш рет онлайн форматта өткізілді.

Солардың ішінде біздің кафедрамыздың меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Галеева Алина Кулбаевна «ЖОО ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ – 2020» байқауының жеңімпазы атанды.

Құттықтаймыз!

 

Кафедрамыздың профессоры Минажева Г.С. 60 жылдық мерейтойына орай ҚазҰУ дамуына қосқан үлесі үшін "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды!

 

Химия және химиялық технология факультетінің деканы, кафедрамыздың қауымдастырылған профессоры Тасибеков Х.С. Қазақ халқы Ассамблеясының «Мейірім» төсбелгісімен марапатталды. Құттықтаймыз!



Кафедрамыздың профессоры Курбатов Андрей Петровичті ҚазҰУ дамуына қосқан үлесі үшін "Ерен еңбегі үшін" медалімен құттықтаймыз!

 

Кафедрамыздың профессоры Кенесов Булат Нурланұлын ''Web of Science Award 2020'' іс-шарасында ''Leader of Science'' марапатымен құттықтаймыз!  Сәттілік тілейміз!

Кафедрамыздың аға оқытушысы Керимрай Айымгульді "Scopus Award - 2019" іс-шарасында ''Wowen in Science Award'' марапатымен құттықтаймыз!

Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының профессоры Курбатов Андрей Петрович "ЖОО Үздік оқытушысы - 2019" атағының иегері атанды! Құттықтаймыз!