«Эластомерлер алу үшін өсімдік және минералды шикізаттан көміртегі-минералды наноқұрылымды композиттер» халықаралық мектебі аясында біліктілікті арттыру курсы
«Эластомерлер алу үшін өсімдік және минералды шикізаттан көміртегі-минералды наноқұрылымды композиттер» халықаралық мектебінің аясында 07.11 - 12.11.2022 ж., Химия және химиялық технология факультетінің Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасы Физика-химиялық зерттеу және талдау әдістері орталығымен бірлесіп біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды. Курсқа Беларусь мемлекеттік технологиялық университетінің оқытушылары, қызметкерлері және аспиранттары, сонымен қатар әлөФараби атындағы ҚазҰУ Химия және химиялық технология факультетінің оқытушылары, докторанттары, магистранттары мен бакалаврлары (офлайн, онлайн форматта) қатысты.
Халықаралық мектепке қатысушылар алдында сөз сөйлеген әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Химия және химиялық технология факультетінің деканы доцент Галеева Алина Кульбаевна табиғи ресурстарды кешенді пайдалану және қалдықсыз технологияларды құру қазіргі заманғы өндірістердің өзекті міндеті екенін атап өтіп, мұндай тәжірибе мен пікір алмасу кәсіби талаптарға және ғылымның, техниканың және технологияның қазіргі жетістіктеріне сәйкес қатысушылардың біліктілігі деңгейін арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді.
Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының меңгерушісі, х.ғ.к., доцент Арғымбаева Ақмарал Мұхамбетқызы Беларусь мемлекеттік технологиялық университетінен келген қатысушыларды таныстырып, қатысқандары үшін алғысын білдірді.
Баяндамаларды х.ғ.д., профессор Ефремов Сергей Анатольевич, т.ғ.к., доцент Нечипуренко Сергей Виталиевич (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), х.ғ.к., доцент, Беларусь мемлекеттік технологиялық университетінің Полимерлі композиттік материалдар кафедрасының меңгерушісі Касперович Андрей Викторович, т.ғ.к., Рудный индустриалды институтының металлургия және тау-кен ісі кафедрасының доценті Лежнев Сергей Николаевич, PhD, «Tenir» инвестициялық индустриялық компаниясы» ЖШС директоры Антипов Андрей Федорович, сонымен қатар докторант Бекназаров К. (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) жасады
Курстың практикалық бөлігі ғылыми-өндірістік базада өткізілді. Дүниежүзілік қайта құру және даму банкінің коммерцияландыру жобасы бойынша «Резеңке бұйымдары үшін көміртекті кремнийді толтырғыштарды өндіру» тақырыбы бойынша жұмысты жүзеге асыруды қамтыды.
Халықаралық мектеп «Индустрияландыру. Инновациялар, инфрақұрылым» мақсатына қол жеткізу аясында өтті.







