Жаңалықтар

Шет тілін оқытудың заманауи әдістемесі пәнінен “ The power of words ” семинар –тренинг сабақ есебі

8-қаң-20

06.12.2019 жыл “5B011900 – екі шет тілі ” мамандығының 1 курс магистрант студенттерімен шет тілін оқытудың заманауи әдістемесі пәнінен оқытушысы Марина Жамбылқызының жетекшілігімен семинар –тренинг сабақ өтілді.

Негізгі мақсаты шет тілін оқыту барасында әрбір педагогтың әр сабақта белгілі мөлшерде оқушыға жаңа сөз үйретіп отыру, яғни білім алушының сөздік қорын дамытуға арналған әдістермен таныстыру, пайдалану жолдарын ұсыну . Тәжірибе алмасу.

Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. « Ұрпағы білімді халықтың тілін үйрену.

Семинар – тренинг сабаққа жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедра меңгерушісі мен оқытушылары құрамы, өзге топ магистрант студенттері арнайы шақырылды .

Ұйымдастырушы магистрант студенттердің оқытылып жатқан пән бойынша меңгерген білімдерін ғылыми дәрежеде дәлелдер келтіре отырып, арнайы заманауи білім беру беру парагдигмасына сай шет тілін оқытудағы ең тиімді әдіс –тәсілдерді семинар – тренинг барасында ұсынды .

Шет тілін оқыту кезіндегі білім алушының деңгейлеріне байланысты, жаңа сөздерді оқу жаттау барасында , жылдам , ұзақ жадыда сақтау ең басты мәселенің бірі .

Семинар – тренинг барысында ойындар арқылы “Hot seat ”, арнайы Quizzlet онлайн бағдарламаcы, flash card, сурет карточкаларды пайдалану арқылы қандай нәтижеге қол жеткіземіз ? деген сауалдарға жауаптар берілді .

    Семинар – тренинг қатысушылары әдістер бойынша өз пікірлерімен бөлісті. Сонында қатысушыларға   сертификаттар табысталды. 

 

5B011900 –  екі шет тілі ” мамандығының  1 курс  магистрант студенттері

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру

26-қар-19

Құрметті оқытушылар, докторанттар, магистранттар!

Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы Cіздерді 6-21 қыркүйек аралығында шетелдік профессор PhD Dr. Dan Davidson (Washington DС) Director, American Councils Research Center лекциясына қатысуға шақырамыз. Лекция филология және әлем тілдері факультетінде, 322 аудиторияда өтілуде.

Лекция тематикасы: The role of International training in shaping new competencies in the work-force: knowledge production, innovation and the collaborative mindset.

Ары қарай оқу >>

Октоберфест және Хэллоуин 2019

31-қаз-19

31.10.2019 жылы Филология және әлем тілдері факультетінің «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының 4- және 3-курс студенттері екінші шет тілінен(неміс тілі)Хэллоуин және Октоберфест мерекелеріне орай ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа барлық студенттер қатысты. Студенттер Хеллоуин, Октоберфест мерекелері туралы презентация көрсетті, дискуссия жүргізді, неміс тілінде ән шырқап, өз білетіндерімен бөлісті. Сабақ соңы кішігірім отырыспен аяқталды, студенттер алған әсерлерімен бөлісті.

            Іс-шараға жауапты болғандар:Жолдасова Г.У., филология және әлем тілдері факультетінің «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының 3- және 4-курс студенттері.

Ары қарай оқу >>

Октоберфест

31-қаз-19

Құрметті оқытушылар, магистранттар және студенттер!

2018 жылдың 31 қазанында сағат 15:00-ден 16: 00-ге дейін Германияның мәдениетін зерттеу шеңберінде Октоберфест мерекесіне арналған іс-шара өткізу жоспарлануда.

Ұйымдастырушылар: жалпы тіл білімі және еуропалық тілдер кафедрасының оқытушысы Жолдасова Г. У. 

Қатысушылар: филология және әлем тілдері факультетінің "Шет тілі:екі шет тілі" мамандығының қазақ бөлімінің 3-ші және 4-ші курс студенттері.

Өтетін орны: журналистика факультетінің 212 аудиториясы.

Барлық ниет білдірушілерді шақырамыз!

Ары қарай оқу >>

Жазғы мектеп 2019

5-шіл-19

2019 жылдың 14 шілдесінен 10 тамызына дейін Филология және әлем тілдері факультетінің жалпы тіл білімі және еуропа тілдер кафедрасы Стамбул университетінің (Стамбул, Түркия) студенттеріне жазғы мектеп ұйымдастырады.

Ары қарай оқу >>

Ғылыми-әдістемелік дөңгелек үстел "ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ: СӨЗ ЭТИМОЛОГИЯСЫ"

5-шіл-19

Әл-фараби ат. ҚазҰУ, Филология және әлем тілдері факультетінің жалпы тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен ғылыми-әдістемелік дөңгелек үстел өтті. 
ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ: СӨЗ ЭТИМОЛОГИЯСЫ атты бұл жиын факультетіміздің ғалымдарымен қатар А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтыны ғалымдарының қатысуымен есте қаларлықтай жоғары деңгейде өтті. 
Факультет деканы, профессор Ө. ӘБДИМАНҰЛЫ жиынды ашып, филол.ғ.д., профессор Берікбай Сағындықұлы, филол.ғ.д., профессор Гүлмира Мәдиева Олжас Сүлейменовтың ЭКОЛОГИЯҒА КІРІСПЕ атты еңбегінің тұсауын кесіп, артынан осы еңбек жайында құнды баяндамалар жиынның мақсатын арттырды деуге болады. 
Олай дейтін себебіміз тақырып аясында құнды пікірлерге магистранттар, докторанттар мен қатар оқытушы-профессорлар қатысты.
Г.Б.Мадиева - "Олжас Сүлейменов: к этимологии слова";
Б.Сүйерқұл - "Тарихи тамырластықты таңбалау арқылы тану";
А.Жақсылықов - "Функция парадокса в поэзия О. Сулейменова", т.б. көптеген баяндамалар жиынның құндылығының арттырды.

Ары қарай оқу >>

"Үздік лингвист-2019" Х мерейтойлық республикалық зияткерлік олимпиадасы

11-сәу-19

Құрметті оқытушылар және студенттер!

2019 жыл, сәуір айының 17 жұлдызында филология және әлем тілдері факультеті, жалпы тіл білімі және европа тілдері кафедрасы оқытушыларының «Жас лингвист» клубы және «Лингвистика» мамандығының 1-2 курс магистранттарымен бірлесе отырып ұйымдастыруымен университетіміздің 85 жылдығына орай Х мерейтойлық Республикалық интеллектуалдық Олимпада «Үздік Лингвист» өткізілгелі жатыр. Олимпиадаға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚазМҚПУ, СДУ, және М. Х. Дулати атындағы ТМУ сыңды университеттер құрамалары қатысады. 

Ұйымдастырушылар: Ибраева Ж.К., Мамбетова М.Қ.

Өтетін орны: Филология және әлем тілдері факультеті, 312 дәрісхана

Уақыты: 17 сәуір, сағат 14.00.

Ары қарай оқу >>

Жыл сайынғы студенттік пәндік олимпиада

26-ақп-19

Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің базасында Абылай хан ақпанның 22-23 күндері Алматы қаласында шет тілдері бойынша республикалық пәндік олимпиада өтті. Іс-шараның мақсаты - тіл мен шеберлік дағдыларының бәсекеге қабілеттілігін бағалау. Пәндік олимпиада екі кезеңнен тұрды: жазбаша және ауызша бөліктен. Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының 3 курс студенті Сұлтанова Динора C1 деңгейінің сынақ тапсырмаларын орындады, бірінші айналымнан сәтті өтті және екінші турда француз тілінде зерттеу жобасын қорғады. «Лингвомәдени аспектідегі шетел ғылымы мен әдеби сынының заманауи тұжырымдамасы» тақырыбында зерттеу жобасын қорғаған Сұлтанова Динора ҚР БжҒМ дипломымен, ал ғылыми жетекшісі А.Камзина мақтау қағазымен марапатталды.

Ары қарай оқу >>