Ғылыми-әдістемелік дөңгелек үстел "ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ: СӨЗ ЭТИМОЛОГИЯСЫ"

05.07.2019

Көрулер: 2385

Әл-фараби ат. ҚазҰУ, Филология және әлем тілдері факультетінің жалпы тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен ғылыми-әдістемелік дөңгелек үстел өтті. 
ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ: СӨЗ ЭТИМОЛОГИЯСЫ атты бұл жиын факультетіміздің ғалымдарымен қатар А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтыны ғалымдарының қатысуымен есте қаларлықтай жоғары деңгейде өтті. 
Факультет деканы, профессор Ө. ӘБДИМАНҰЛЫ жиынды ашып, филол.ғ.д., профессор Берікбай Сағындықұлы, филол.ғ.д., профессор Гүлмира Мәдиева Олжас Сүлейменовтың ЭКОЛОГИЯҒА КІРІСПЕ атты еңбегінің тұсауын кесіп, артынан осы еңбек жайында құнды баяндамалар жиынның мақсатын арттырды деуге болады. 
Олай дейтін себебіміз тақырып аясында құнды пікірлерге магистранттар, докторанттар мен қатар оқытушы-профессорлар қатысты.
Г.Б.Мадиева - "Олжас Сүлейменов: к этимологии слова";
Б.Сүйерқұл - "Тарихи тамырластықты таңбалау арқылы тану";
А.Жақсылықов - "Функция парадокса в поэзия О. Сулейменова", т.б. көптеген баяндамалар жиынның құндылығының арттырды.