Октоберфест және Хэллоуин 2019

31.10.2019

Көрулер: 1798

31.10.2019 жылы Филология және әлем тілдері факультетінің «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының 4- және 3-курс студенттері екінші шет тілінен(неміс тілі)Хэллоуин және Октоберфест мерекелеріне орай ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа барлық студенттер қатысты. Студенттер Хеллоуин, Октоберфест мерекелері туралы презентация көрсетті, дискуссия жүргізді, неміс тілінде ән шырқап, өз білетіндерімен бөлісті. Сабақ соңы кішігірім отырыспен аяқталды, студенттер алған әсерлерімен бөлісті.

            Іс-шараға жауапты болғандар:Жолдасова Г.У., филология және әлем тілдері факультетінің «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының 3- және 4-курс студенттері.