Шет тілін оқытудың заманауи әдістемесі пәнінен “ The power of words ” семинар –тренинг сабақ есебі

08.01.2020

Көрулер: 1947

06.12.2019 жыл “5B011900 – екі шет тілі ” мамандығының 1 курс магистрант студенттерімен шет тілін оқытудың заманауи әдістемесі пәнінен оқытушысы Марина Жамбылқызының жетекшілігімен семинар –тренинг сабақ өтілді.

Негізгі мақсаты шет тілін оқыту барасында әрбір педагогтың әр сабақта белгілі мөлшерде оқушыға жаңа сөз үйретіп отыру, яғни білім алушының сөздік қорын дамытуға арналған әдістермен таныстыру, пайдалану жолдарын ұсыну . Тәжірибе алмасу.

Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. « Ұрпағы білімді халықтың тілін үйрену.

Семинар – тренинг сабаққа жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедра меңгерушісі мен оқытушылары құрамы, өзге топ магистрант студенттері арнайы шақырылды .

Ұйымдастырушы магистрант студенттердің оқытылып жатқан пән бойынша меңгерген білімдерін ғылыми дәрежеде дәлелдер келтіре отырып, арнайы заманауи білім беру беру парагдигмасына сай шет тілін оқытудағы ең тиімді әдіс –тәсілдерді  семинар – тренинг барасында ұсынды .

Шет тілін оқыту кезіндегі білім алушының деңгейлеріне байланысты, жаңа сөздерді оқу жаттау барасында , жылдам , ұзақ жадыда сақтау ең басты мәселенің бірі .

Семинар – тренинг барысында ойындар арқылы “Hot seat ”, арнайы Quizzlet онлайн бағдарламаcы, flash card, сурет карточкаларды пайдалану арқылы қандай нәтижеге қол жеткіземіз ? деген сауалдарға жауаптар берілді .

Семинар – тренинг қатысушылары әдістер бойынша өз пікірлерімен бөлісті. Сонында қатысушыларға   сертификаттар табысталды. 

 

5B011900 –  екі шет тілі ” мамандығының  1 курс  магистрант студенттері