Жаңалықтар

«Рухани жаңғыру»

17.01.2018

  1.   №17 студенттер үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мамандығым мақтанышым» атты 1 курс студенттеріне арналған жиын өтті. Бұл жиында студенттердің 1 курстан өтетін педагогикалық тәжірибесі, оның студенттер үшін берер пайдасы, ондағы жетістіктері жайында өтті.

Жауаптылар: Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының оқытушылары Медетбекова П.Т., Борибаева Г.А., Рақымбаев А., Утепова Б.

Ары қарай оқу >>

«Рухани жаңғыру»

17.01.2018

  1.  №17 студенттер үйінде «Рухани жаңғыру», «Студент оқуға тиіс 100 кітап» бағдарламасы аясында 3 айналымнан тұратын кеш өтті. Бұл кешке «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 1 курс студенттері қатысты. Кеш жарыс түрінде өтті қатысушылар қазақ, орыс, т.б. елдердің әдебиеті бойынша көптеген сұрақ-жауаптарға жауап беріп  тындармандандарын еліте алды.

Жауаптылар: Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының оқытушылары Медетбекова П.Т., Борибаева Г.А., Рақымбаев А., Утепова Б.

Ары қарай оқу >>

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»

07.12.2017

  1.  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақ тілі: жазу реформасы» атты жиын өтті. Жиында студенттердің қазақ жазуының тарихы мен қазіргі латын әліпбиіне көшу жайы қамтылды.

Жауаптылар: Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының оқытушылары:  Мадиева Г.Б., Медетбекова П.Т., Борибаева Г.А., Молдасанова А.

Ары қарай оқу >>

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»

05.12.2017

  1.  ., «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1 курс студенттері мен «Л ингвистика» мамандығының 2 курс магистранттары арасында «Тіл, Қоғам және Біз» атты жиын өтті. Жиында қазіргі жастардың қоғамның дамуына қосар үлестері мен келтірер зиянды әдеттері қамтылды. Сонымен қатар жағдайаттық мәселелер талқыланды. Магистранттар осындай мәселелерді қамти отырып кещегі мектеп қабырғасынан университет табалдырығын аттаған студенттерге білім мен ғылым, әсіресе тәрбиеге қатысты көптеген ойларымен бөлісе отырып, ақыл-кеңес берді. Студенттер тарапынан да түрлі сауалдар қойылып, жан-жақты пікір алмасты.

Жауаптылар: Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының оқытушылары Медетбекова П.Т., Борибаева Г.А.

Ары қарай оқу >>

«Рухани жаңғыру»

29.11.2017

  1.   «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 3,4 курс студенттерінің қатысуымен «Жүректен  жүрекке атты» қайырымдылық  жәрмеңкесі өтті. Бұл шараның мақсаты жәрмеңкеден түскен қаржыны көмекке мұқтаж жанға қандай да бір үлес қосу болатын.

Жауаптылар: Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының оқытушылары Мадиева Г.Б., Медетбекова П.Т., Борибаева Г.А. және кафедра оқытушылары

Ары қарай оқу >>

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»

07.11.2017

  1.   «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тарих және археология факультеті мен филология және әлем тілдері факультеттерінің 1-4 курстарына филол.ғ.д., профессор, ономаст ғалым Қыздархан Рысберген «Рухани жаңғыру немесе ата/ атаудың қоғамдағы рөлі» тақырыбында  дәріс оқыды. Студенттерге бұл дәрістің берері мол еді, себебі ғалым Қ. Рысберген ат/атаудың қазіргі қоғамдағы жетістіктері мен кемшіліктері жөнінде көптеген деректер келтірді. Студенттер де өз ойларымен бөлісіп, сұрақ-жауаппен толықтырылды.

Жауаптылар: Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының оқытушылары:  Мадиева Г.Б., Медетбекова П.Т., Борибаева Г.А.

Ары қарай оқу >>

«Айналаңды нұрлдандыр»

07.11.2017

  1.  

сағат 17.00-де 312-аудиторияда «Айналаңды нұрлдандыр» бағдарламасы аясында Филология және әлем тілдері факультеті мен Тарих, археология және этнология факультеті студенттерінің арасында «Тіл және тарих: рухани жаңғыру» атты тақырыпта интеллектуалды-шығармашылық кеш өтті. Жауаптылар: Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының оқытушылары Медетбекова П.Т., Борибаева Г.А.

Ары қарай оқу >>

«Рухани жаңғыру»

03.11.2017

  1.  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тарих, археология және этнология факультетінің 3 курс студенттері «Тарихи топонимдердің қоғамдағы рөлі» тақырыбында жиын өткізді. Баяндама барысында тарихи атаулар мен олардың мағынасы және қазіргі қоғамдағы өзгерістерге қатысты көптеген мәліметтерді қамтыды. Артынан өз ойларын ортаға салып талқыланды.

Жауаптылар: Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының оқытушылары:  Мадиева Г.Б., Медетбекова П.Т., Борибаева Г.А.

Ары қарай оқу >>

№1 Балалар үйінде «Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесіне орай мерекелік шара өтті.

18.09.2017

  1.  №1 Балалар үйінде «Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында

 Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесіне орай мерекелік шара өтті.

Бұл шараға «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 1-4 курс студенттері атсалысты. Мерекелік шара барысында студенттер балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерге қуаныш сыйлаумен қатар, мемлекетіміздің көпұлтты және өзге ұлттың тілі мен сал-дәстүрін құрметтеу  қашанда жоғары екенін түрлі өнерлерімен таныта білді. Тәрбиеленушілер мен тәрбиешілерге қуаныш сыйлап, алғыстарына ие бола алды.

Жауаптылар: Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының оқытушылары:  Мадиева Г.Б., Медетбекова П.Т., Борибаева Г.А.

Ары қарай оқу >>

«Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» атты фестиваль өтеді: 20.02.2015

10.02.2015

2015 жылдың 20 ақпанында жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасы жанынан құрылған «Мұрагерлер» еріктілер қозғалысының жетекшілері мен мүшелері «Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы бойынша Алматы қаласындағы мамандандырылған «Жанұя» кешенінде Қазақ халқының ассамблеясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» атты фестивалін өткізеді.

Ары қарай оқу >>