Оқиғалар мен анонстар

Құрметті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушы-профессорлар құрамы, студенттері, магистранттары, докторанттары, қызметкерлері!

26.04.2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жанындағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығында ақысыз түрде республикалық бюджет есебінен COVID-19 (Ресей Федерациясы шығарған «Спутник V») вакцинасын егу шаралары басталды.

Ары қарай оқу >>

«Цифрлық Қазақстан: болашаққа көзқарас» тақырыбында дөңгелек үстел

21.04.2021

ЭжБЖМ “Экономика” кафедрасы 23 сәуір 2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Цифрлық Қазақстан: болашаққа көзқарас» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік іс-шара өткізеді. Іс-шара дөңгелек үстел форматында өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Отан қорғаушылар!» патриоттық акциясы

16.04.2021

Мемлекеттік мереке Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында 2021 жылдың 5 сәуірінен бастап онлайн форматта "Отан қорғаушылар"патриоттық акциясы басталды.

Ары қарай оқу >>

Рекреациялық география және туризм кафедрасының қатысуымен халықаралық конференция өтеді

14.04.2021

2021 жылы 15-16 сәуір күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті география және табиғатты пайдалану факультетінің рекреациялық география және туризм кафедрасының қатысуымен «Туризм және қонақжайлылық: жаңа тұжырымдар, мүмкіндіктер мен даму құралдары» атты онлайн халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Әлеуметтік туризм арқылы қоғамның тұрақты дамуы» атты академиялық вебинар өтеді

14.04.2021

2021 жылы 15 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінде рекреациялық география және туризм кафедрасының ұйымдастыруымен Жібек Жолы университеттері альянсымен бірге ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Әлеуметтік туризм арқылы қоғамның тұрақты дамуы» тақырыбында академиялық вебинар өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Цифрлық экономика жағдайында кәсіпкерлікті құқықтық қамтамасыз ету мәселелері»

14.04.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2021 жылдың 23 сәуірінде з.ғ. д. Ирина Викторовна Амирханованы еске алуға арналған «Цифрлық экономика жағдайында кәсіпкерлікті құқықтық қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында онлайн Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Студенттік пәндік олимпиада өтеді

14.04.2021

2021 жылдың 16 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебінің бизнес-технологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Цифрлық маркетинг: заманауи тенденциялары және перспективалары» тақырыбында XIIІ республикалық студенттік пәндік олимпиада өтеді.

Ары қарай оқу >>

«COVID пандемиясы кезіндегі діни институттар мен тәжірибелер: қатерлер мен шешімдер»

13.04.2021

Сіздерді Zoom платформасында өтетін «COVID пандемиясы кезіндегі діни институттар мен тәжірибелер: қатерлер мен шешімдер» атты халықаралық конференцияға шақырамыз. Конференция «Цифрландыру және COVID пандемия кезіндегі әлеуметтік кеңістікті өзгерту контекстіндегі Қазақстандағы діни институттар мен тәжірибелер» (ҚР БҒМ 2020-2021, ЖТН AP08956706, жоба жетекшісі т.ғ.д. Л.Г. Ерекешева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті) атты жоба аясында ұйымдастырылып отыр.

Ары қарай оқу >>

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралы» атты халықаралық конференция өтеді

06.04.2021

2021 жылы 16 сәуір күні сағат 10.00-де Алматы қаласында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралы» атты НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

СБИ үздік студенттік инновациялық жобалар байқауы

06.04.2021

2021 жылдың 7-8 сәуірінде онлайн форматта Zoom платформасында «Фараби әлемі» жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық ғылыми конференциясы аясында университеттің студенттік бизнес-инкубаторларының үздік студенттік инновациялық жобаларының жыл сайынғы байқауы өтеді.

Ары қарай оқу >>