Студенттік пәндік олимпиада өтеді

14.04.2021

Көрулер: 2571

2021 жылдың 16 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебінің бизнес-технологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Цифрлық маркетинг: заманауи тенденциялары және перспективалары» тақырыбында XIIІ республикалық студенттік пәндік олимпиада өтеді.

Олимпиадаға «6В04107 – Маркетинг», «5В051100 – Маркетинг» мамандықтарының күндізгі оқу формасының 2-3 курс бакалавриат студенттері қатысады және іріктеу шарттарына сай келетін қатысушылар екінші қорытынды кезеңге шақырылады.

 

Олимпиада бойынша уақыт дедлайны

 

 

Мерзімі

Іс-шаралар

Жауапты тұлғалар

3

16.04.2021 ж.

9:00 - 16:00

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да онлайн форматта өтетін республикалық Олимпиаданың екінші кезеңі

Ұйымдастыру комитеті

9:00-9:45

Қатысушыларды тіркеу

Ұйымдастыру комитеті

9:45 - 14:00

Олимпиаданың екінші кезеңін өткізу

Ұйымдастыру комитеті

14:00 - 15:30

Үзіліс

Ұйымдастыру комитеті

16:00

Екінші кезең бойынша қорытындылау және Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау

Ұйымдастыру комитеті 

 

Жеңімпаздар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық қызметі бойынша проректордың қолы қойылған дипломмен марапатталады.

Қатысушыларды тіркеу үшін өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат пен студенттік құжат болуы тиіс. Команданың міндетті түрде жетекшісі болуы қажет.

Шара бойынша жауапты тұлға: Нұрсұлтан Шүренов,

тел: +7 707 690 0707

Өтетін жері: Экономика және бизнес жоғары мектебі,

бизнес-технологиялар кафедрасы, 213 кабинет, тел. +7 (727) 221-13-96