Рекреациялық география және туризм кафедрасының қатысуымен халықаралық конференция өтеді

14.04.2021

Көрулер: 2519

2021 жылы 15-16 сәуір күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті география және табиғатты пайдалану факультетінің рекреациялық география және туризм кафедрасының қатысуымен «Туризм және қонақжайлылық: жаңа тұжырымдар, мүмкіндіктер мен даму құралдары» атты онлайн халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. 

Сонымен қатар шараға Фуэрзас Армадас ЭСПЕ Экстенсьон Латакунга университетінің туризм және қонақжайлылық департаменті мен Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті Экономика және менеджмент институтының халықаралық туризм және қонақ үй бизнесі кафедрасы қатысады.

Халықаралық іс-шараның мақсаты – ХХІ ғасырдағы туризм мен қонақжайлылықты дамытудың проблемалары мен мүмкіншіліктерін талқылау мақсатында ғалымдар мен практиктерді біріктіру, өзара тәжірибе, пікір алмасу.

Конференция орыс, ағылшын, испан тілдерінде өтеді. Ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша, ең маңызды жұмыстар онлайн-ғылыми журналдың екінші санында жарияланады.

Конференция бағдарламасы келесі бағыттар бойынша жұмысты қарастырады: 1) туризмді дамытудың және аумақтық сәйкестіктің драйверлері; 2) цифрлық технологиялар және туризм мен қонақжайлылықтағы трансформация стратегиялары; 3) технологиялар мен бизнес модельдер: қиындықтар мен мүмкіндіктер. Сонымен қатар, қонақжайлылық пен туризм индустриясында жұмыс істеуге дайындалып жатқан студенттерді оқыту мен академиялық ұтқырлықтың бірқатар мәселелерін жаңарту жоспарлануда.

Жиналысқа қосылыңыз (12-бөлме):

https://zoom.us/j/91579018315?pwd=VmtoS0xQR1JkUjJPeUt6MlJYVW9vQT09

Конференцияның жеке куәлігі: 915 7901 8315

Кіру коды: 760853

Байланыс телефондары:

 

 

Рекреациялық география және туризм кафедрасы:

Ақтымбаева Әлия Сағындыққызы

aliya.aktymbayeva@kaznu.kz

+7(777)2504453

Плохих Роман Вячеславович

roman.plokhikh@kaznu.kz

+7(777)0131144

 

Халықаралық туризм және қонақ үй бизнесі

кафедрасы:

Богомазова Ирина Викторовна

bogomazova@bsu.edu.ru

+7(4722)301284