«Отан қорғаушылар!» патриоттық акциясы

16.04.2021

Көрулер: 2002

Мемлекеттік мереке Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында 2021 жылдың 5 сәуірінен бастап онлайн форматта "Отан қорғаушылар"патриоттық акциясы басталды.

Акция барысында әскери-патриоттық бағыттағы іс-шаралар кешенін өткізу жоспары бойынша келесі шаралар өтеді:

- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тарихы мен Ұлы Отан соғысы мен қазіргі заманның батыр-қазақстандықтарына арналған әңгімелер циклі;

- Әскери тақырыптағы көркем және деректі фильмдерді қарау және талқылау;

- Әскери-тарихи викториналар;

- Кездесу-бейнеконференциялар және Қазақстан армиясының қалыптасу бастауында тұрған Қарулы Күштер ардагерлеріне құрмет көрсету;

- «Жеңіс өлеңдері мен әндері» шығармашылық байқауы, әскери кафедра қызметкерлерінің балаларының суреттер байқауы;

- «Жеңіс әндері» патриоттық флэшмобы;

- «Атамекен» патриоттық флэшмобы. Әскери кафедра ардагерлері мен студенттерін, университет студенттерін және барлық қазақстандықтарды Отан Қорғаушылар Күнімен құттықтау;

- «Жеңіс мұрагерлері» патриоттық акциясы – «Бөбек» Ұлттық орталығымен бірлесе отырып