«Цифрлық экономика жағдайында кәсіпкерлікті құқықтық қамтамасыз ету мәселелері»
Көрулер: 2653
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2021 жылдың 23 сәуірінде з.ғ.д. Ирина Викторовна Амирханованы еске алуға арналған «Цифрлық экономика жағдайында кәсіпкерлікті құқықтық қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында онлайн Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.
Конференцияны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы және «Қазақстанның инновациялық дамуын құқықтық қолдау» ғылыми-зерттеу орталығы өткізеді.
Конференция жұмысы келесі негізгі бағыттар бойынша жоспарланған:
- цифрлық экономика жағдайында кәсіпкерлік құқықты дамыту;
- цифрлық технологиялардың таралуы жағдайында азаматтық құқықтың жай-күйі мен даму перспективалары;
- мемлекеттік басқару саласындағы цифрлық үдерістерді құқықтық реттеу;
- іс жүргізу тәжірибесінде цифрлық технологияларды қолдану және іс жүргізу заңнамасының даму перспективалары;
- цифрландыру және оның еңбек қатынастарын құқықтық реттеуге әсері;
- қаржы саласында цифрлық технологияларды пайдалануды құқықтық қамтамасыз ету;
- цифрлық саладағы құқық бұзушылықтар мен жауапкершілік мәселелері;
- Интернет-қатынастарды құқықтық реттеу.
Конференцияға қатысуға заң ғылымдарының докторлары мен кандидаттары, PhD докторлары, ғылыми қызметкерлер, тәжірибесі бар заңгерлер, кәсіпкерлер, ғылыми дәреже ізденушілер, оқытушылар, магистранттар шақырылады.
Өтетін орны: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.
Конференция тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.