«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралы» атты халықаралық конференция өтеді

06.04.2021

Көрулер: 2285

2021 жылы 16 сәуір күні сағат 10.00-де Алматы қаласында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралы» атты НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференцияға мемлекеттік органдардың өкілдері, Молдова, Түркия және Орталық Азия елдерінің (Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы), қазақстандық және халықаралық сарапшылар, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысады.

Конференцияның қатысушылары сараптама жүргізудің өзекті мәселелерін, оның заң шығарудағы рөлін, түрлі салалардағы салыстырмалы талдау қорытындыларын, сондай-ақ осы жұмысқа халық өкілдерінің қатысуын талқылап, халықаралық тәжірибедегі озық үрдістерді ортаға салады..

Іс-шараны ұйымдастырушылар – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ғ.Сапарғалиев атындағы мемлекет және құқық ғылыми зерттеу институты, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Нұрсұлтан Назарбаев қоры, Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры ҚҚ. 

Халықаралық шара әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Youtube арнасында және басқа да әлеуметтік желілерде көрсетіледі.

Конференция үйлестірушілері:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Дәулет Байдельдинов,

тел: +7-701-710-63-71, эл. пошта: baideldinov@gmail.com.

«Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры» ҚҚ, Зәуреш Батталова,

тел: +7-701-404-63-14, эл. пошта: parlamentarizm.kz@gmail.com.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Меруерт Карбозова,

тел: +7-702-511-60-77, эл. пошта: karbozova.m@antikor.gov.kz.