«Әлеуметтік туризм арқылы қоғамның тұрақты дамуы» атты академиялық вебинар өтеді

14.04.2021

Көрулер: 2523

2021 жылы 15 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінде рекреациялық география және туризм кафедрасының ұйымдастыруымен Жібек Жолы университеттері альянсымен бірге ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Әлеуметтік туризм арқылы қоғамның тұрақты дамуы» тақырыбында академиялық вебинар өтеді.

 Әлеуметтік туризм Қазақстанда салыстырмалы түрде жақында дами бастады. Әлемде туризмнің бұл түрі жарты ғасырға жуық уақыт бойы бар. Вебинарда отандық ғалымдар мен Ресей, Венгрия және Гонконгтан келген профессорлар әлеуметтік туризмнің озық тәжірибелерімен бөліседі. Олар әлеуметтік туризмнің қазіргі жағдайымен бөлісіп, Қазақстанда әлеуметтік туризм тұжырымдамасын дамытудың жобалық үлгісін ұсынатын болады.

 

 

Вебинар ZOOM платформасында өтеді 

https://us02web.zoom.us/j/87272693644?pwd=c2sxWmIzNElHSTFJTy95Q2NSbG1HUT09

Идентификатор: 872 7269 3644 

Код доступа: 870369 

Уақыты: 13.00-14.00

 

Байланыс телефоны: 77014591286

Электронды поштаkulakhmetova.gulbaram@gmail.com, kulakhmetova.g@kaznu.kz